Аңызды суреттейтін шебер! Астанада қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі – Әубәкір Ысмайыловтың 105 жылдығына арналған мерейтойлық көрме ашылады. Ұлттық мұражайда қанат жаятын көрмеге қазақ көркемөнерінің алтын қорына енген қылқалам шеберінің 150-ден астам еңбегі қойылады.  Біртуар дарын иесі төл туындыларын ел назарына 1928-ші жылы тұңғыш рет ұсынған екен. Халық суретшісі өмірінің соңына дейін   өскелең ұрпаққа өткеннің ұлылығы мен сұлулығын, шежірелі тарихымыздың  маңыздылығын шығармашылығымен жеткізуді мақсат еткен. Игі шара нар тұлғаның дара талантына тағзым етіп, рухани мәдениетке қосқан үлесі үшін көрсетілген құрмет болып табылады. Астаналықтар мен қала қонақтары ақпанның 15-нен үш ай бойы сан қырлы сала иесінің өнегелі өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін көрмені тамашайлай алады.

ГҮЛЗАМИРА ЫСМАЙЫЛОВА, ӘУБӘКІР ЫСМАЙЫЛОВТЫҢ ҚЫЗЫ:

Әубәкір Ысмайыл тек қана суретші емес балетмейстер, хореограф әрі режиссер, киноның әртісі, этногравиялық жинаушы, карикатурист, марианист, кескіндемеші. Ол әрбір суретшінің техникасын үйреніп алды еңбек арқылы.

ДАРХАН МЫҢБАЙ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл көрмеге келгендер қазақ өнерінің шын мәніндегі бояуы қанық, сол кездегі ұлттық колорит қана емес, алғашқы ұлттық суретшілердің колоритін көруіне мүмкіндік береді.  Бұл тек қана көркем өнер деп қана қарауға болмайды. Бұл біздің тарихымыз, жалпы біздің кешегі даму деңгейіміз, өнердің белесі ретінде қарауға болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер