Жаһандық қауіпсіздікті нығайту Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінің басты басымдықтарының бірі болмақ. Атап айтқанда, ядролық қарусыздану, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, лаңкестікпен күрес мәселелеріне айрықша көңіл бөлінбек. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұйым шеңберінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру  бастамасы халықаралық ұйым мүшелерінің тарапынан қолдау тапты. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында Елбасы  Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризммен күрес жөніндегі мәселелерді  қамтитын құжат әзірлеп, қабылдауды  ұсынды. Латвияның сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс осы бастамалардың өзектілігі мен  маңыздылығын ерекше атап өтті.

ЭДГАРС РИНКЕВИЧС, ЛАТВИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

«Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2 жылға мүше болып сайлануымен құттықтаймын. Қазақстан әлемдегі  көкейтесті мәселелердің шешімін қарастыру барысында сындарлы әріптес ретінде еңбек етеді деп есептейміз. Соның ішінде терроризммен күрес те бар.  Қазақстанның антитеррористік операцияларға қатысты ортақ тәсілді әзірлеу ұсынысы маған ұнады. Біз әртүрлі пікір айтылып, талқылау болғанын  кұптаймыз. Осы орайда, БҰҰ деңгейінде Бас Ассамблеяның немесе Қауіпсіздік Кеңесінің қарары қабылданып, бірыңғай  өлшемдер мен ортақ тәсілдер әзірленсе өте жақсы болар еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер