Билік елді басқарған жалғыз президенттен емес, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерден, мұғалімдер мен дәрігерлерден тағы басқаларынан құралады. Яғни әр саланың тұтқасын ұстаған азаматтың бәрін, билік өкілі деуге болады. Сондықтан биліктің, халыққа қарай бет бұруы үшін жасамақ қадамдары әрқашан қолдауға ие болады», - дейді Қазақстанда билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Елбасы ұсынысына пікір білдірген Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин.

АНДРЕЙ МАМЫКИН, ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстан Президенті өте жақсы бастама көтеріп, бәріміз таң қалдырды. Біріншіден, ұсынылып отырған реформа мемлекетті алға жетелейді.  Екіншіден, ол  биліктің халық алдында жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік басқару жүйесіне тың серпіліс бермек. Еуропа елдерінде халықтың сайлау кезіндегі белсенділігі сынға алынып жатады. Неге? Өйткені билік халыққа құлақ аспай жатады. Сондықтан Елбасы биліктің халықпен арасын жақындататын тағы бір қадам жасады деп ойлаймын.

Жаңа конституциялық реформаның нәтижесінде Қазақстан әлемдік саяси реформалар стандарттары бойынша дамиды. Бұл - британ саясаткерлерінің пікірі.

ДЖОНАТАН ФРАЙЕР, ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛИБЕРАЛДЫ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлбетте, соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанда мемлекет дамуы мен реформаларды басқаруда президент билігінің үстемдігі жоғары болды. Бірақ уақыт өте келе жаңа өзгерістер пайда болды. Президент өз үндеуінде демократизацияланған және әртүрлі партиялар мен үкімет өздігінше шешім қабылдай алатын жаңа жүйеге көшетін кез келгендігін айтты. Назарбаев ел болашағы туралы ойлайды, және батыс елдері мұны құптайды. Олар Қазақстанды пісіп жетілген ел ретінде қабылдайды.

Ал Еуразиялық сарапшылар желісінің төрағасы Болат Байқадамов конституциялық реформа қазақстандық қоғамның саяси өзгерістерге дайын екенін көрсетеді деген пікірде. «Парламенттің рөлін арттыру азаматтардың ел өміріне белсенді араласуына жағдай жасайды. Ал бұл демократияның дамуына тың серпін береді»,-дейді сарапшы.

БОЛАТ БАЙҚАДАМОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ САРАПШЫЛАР ЖЕЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ширек ғасырдың ішінде қазақстандықтар экономиканы ғана емес, саяси сауаттылығын да дамытты. Билік ұсынған жаңашылдықтар халықтың белсенділік танытуына түрткі болды. Енді азаматтар ел тағдыры өзіне байланысты екенін біледі. Сондықтан талқылауларға жиі араласып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер