«Қашаған» кен алаңынан 4-7 млн тонна мұнай өндірілмек. Әзірге кенішті монтаждау және жайғастыру жұмыстары жүріп жатқандықтан, тәулігіне 180 мың баррель мұнай алынуда. Қазір алаңда мұнай беретін ұңғымалардың саны артып келеді. Бүгінде Каспий қайраңында орналасқан жасанды аралдардағы 40 ұңғыманың 10-ы іске қосылған. Ұңғымалардың саны артқан сайын, мұнай көлемі де көбейіп, тәулігіне 370 мың баррельге жететін болады. Солтүстік Каспий жобасы операторының айтуынша, «Қашаған» мұнайын сыртқы нарыққа тасымалдауда ешқандай кедергі жоқ.

БРУНО ЖАРДЭН, «NCOC N.V.» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қашаған мұнайы 3 бағытта тасымалданады. Біріншісі: «Атырау-Новороссийск» бағытындағы КҚК жүйесі.  Ал «Атырау-Самара» құбыры арқылы біздің өніміміз «Транснефть» құбырына қосылады. Үшінші бағыт: шығысқа шығатын «Атырау-Алашанькоу» құбыры Сол себепті Қашаған мұнайын әлемдік нарыққа жеткізуде кідіріс болмайды. Өткен жылы КҚК жүйесі кеңейтіліп, мұнай тасымалдау мүмкіндігін жылына 67 миллион тоннаға арттырды.

Қашған кен орнының мүмкіндіктерін кеңейтуден бөлек, Қаламқас және Хазар теңіз кен орындарын игеру тағы бар. Мамандар аталған жердегі мұнай қоры шамамен 60 млн тонна деп бағалап отыр. Қашағанға жақын жатқан су асты кен орындарын игеру туралы мәселе бүгінде шешімін тапқан.

БРУНО ЖАРДЭН, «NCOC N.V.» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Дәл қазіргі жағдайда компания үшін үлкен масштабты жұмыстар жүргізу қиын. Сондықтан Қаламқас пен Хазар кен орындарын Қазақстан мен «Каспианмеруэт опрейтинг компании» бірлестігімен бірлесе игеру қажет деп шештік. Бұл шығынды азайтады. Бүгінгі күні компаниялардың бірлесіп жұмыс істеуі барлық елдерде орын алып отырған жағдай.

Еске салатын болсақ, әлемде соңғы қырық жылда ашылған ең ірі теңіз кен орны Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылдың қыркүйегінде қайта іске қосылды. Биылғы жылдан бастап кен орнынан 1 млн тонна шикі мұнай мен конденсат өндірілді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер