Еуропаның қайта құру және даму банкі өткен жылы 200-ден астам шағын және орта бизнес жобаларын қолдады. Бөлінген гранттардың жалпы сомасы 2 млн еуродан асады. Қаржы институты бизнеске шетелдік және жергілікті кеңесшілердің қызметін субсидиялау арқылы қол ұшын созады. Яғни кәсіпорынның бизнес жоспарын әзірлеу, техникалық-экономикалық негіздеме жасау, нарықты зерттеу және жаңа бренд құру сынды маңызды мәселелер бойынша көмек көрсетіледі. 2016 жылы Үкіметтің қолдауымен жергілікті кеңесшілермен – 142, шетелдік мамандармен -20 жоба жүзеге асырылған.

АЛМА ҚАСЫМОВА, ЕҚДБ БАҒДАРЛАМА МЕНЕДЖЕРІ:

Ақыл-кеңес алу гранты ретінде кәсіпкер 10 мың еуро ала алады. Мәселен, жоба 20 мыңға арналған болса, біз 10 мыңын саламыз.  Бұл бір бағдарлама. Сондай-ақ «Әйелдер бизнесте» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Егер кәсіпкер әйел болса, ол өзге келісім бойынша оның тағы бір грант алуға құқы бар.

Еуропаның қайта құру және даму банкі Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ел үкіметімен бірлесе 5797 несие берген. 200 іскер келіншек жеке кәсібінің негізін қалау, оның жүргізу бойынша түрлі семинарларға қатысып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2050 жылға дейін Президенттің тапсырмасы бойынша бизнестің саны ЖІӨ-нің 50 пайызына жетуі керек. Ол деген қазіргі уақытта 24 пайыз. Еуропалық банкпен үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Қазақстан Еуропалық қайта құру және даму банкімен істеп жатқан мемлекеттердің арасында 2-ші орын алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер