Қазақстан геологиялық барлауға көптеп инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұл мақсатта сәйкес заңнамаға өзгертулер енгізіліп, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы жаңа Кодекс қабылданбақ. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дүние жүзінде жыл сайын барлау жұмысына 11 млрд доллар бөлінеді. Оның 18 пайызы Канаданың, 12 пайызы Австралияның үлесінде, ал Қазақстанға тек 1 пайызға жуығы ғана тиесілі екен. Сондықтан мамандар «геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу кажет»,-дейді. Ол үшін жер қойнауын игеруге ниетті инвесторларға бөгет болмауы керек.

НИКОЛАЙ РАДОСТОВЕЦ, ТАУ-КЕН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Құжат халықаралық мамандардың қатысуымен әзірленіп, жыл соңына дейін дайын болады. Ол тау-кен өндіруші секторға инвестицияларды ынталандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл өте қажет. Өйткені жаңа кен орындарын іздеп, анықтау маңызды.

Жоба авторларының айтуынша, жер қойнауын австриялық үлгіде пайдалануға болады. Бұл – қағазбастылықтан арылтып, жерді игеру құқығын жеңілдетеді. Әсіресе, бұл елімізге келетін инвесторларға тиімді. Бұрын салаға қаржы құюға ниет білдіргендер лицензия алу үшін екі-үш жылын сарп ететін. Ал, кодекске өзгерістер енсе, бұл құжат 2-3 күнде дайын болады.

БАЗАРБАЙ НҰРАБАЕВ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елбасының тапсырмасы бар 74-75 қадам бар. Сол бойынша біз халықаралық стандарттарға көшуіміз керек. Ол стандарттар нақты қадам кең атқарылған. Ол барлық қорларды біздің қатты пайдалы қазбалар, көмірсутегі байлықтың барлығын жаңа халықаралық стандартпен есептеу. Жаңа кодекс пайланана бастаса, бізде инвестиция қатары артады деп ойлаймыз.

Әлеуеті жоғары стратегиялық саланың билік назарынан тыс қалмауы кеншілердің де қуанышын еселеді. Кенді Алтай атанған Шығыс Қазақстанның төсі қазба байлыққа толы. Тіпті, мұнай көзі де бар. Демек, өңірде геологиялық барлау саласын жетілдіру өзекті мәселе.

БОЛАТ БАҒАДАЕВ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҮРГІЗУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Елбасының жіберіп отырған Жолдауында біздің салаға деген көзқарасы бізді өте қуантады. Неге десеңіз, бұл енді болашақта жаңадан ашылатын кен орындары, жаңа шикізат әртүрлі, металлургиялық комбинаттар, жер қойнауын игеретін мекемелерде қаншама жұмыс орындары ашылады. Ол біздің экономикамызға үлкен үлес қосады деп сенемін.

Өңір геологтары Жолдауда көрсетілген пәрменді орындауға дәрменді. Соның бір мысалы, мына заманауи технологиялар игеріліп, елдегі минералды-шикізат базасын нығайту жолында күрделі жұмыстар атқарылуда.

Бұл – еліміздегі баламасы жоқ көпсалалы зертхана. Виктория Хлудкова жүйелі сынама жасауға арналған мына құрылғымен жұмыс істейді. Оның көмегімен кеннің құрамындағы элементтер легін лезде анықтауға болады.

ВИКТОРИЯ ХЛУДКОВА, ИНЖЕНЕР-ЗЕРТХАНАШЫ:

Бұл қондырғымен жұмыс істеу өте қолайлы. Бәрін компьютер атқаратындықтан, нәтиже де анағұрлым нақты. Сондай-ақ, бұл талдаудың өте жылдам түрі. Соның нәтижесінде жұмыс өнімділігі 4-5 есеге артты. Қазір күніне 500-ден аса сыныма жүргіземіз.

Мамандар өнімді шетелдік нарыққа шығарудың тың жолдарын іздеу үстінде. Бұған қабылдануы тиіс жаңа Кодекстің де үлесі зор болмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер