«ЕХРО» көрмесі өтетін кезде қалашық аумағында әлем елдерінің ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамханалар мен дәмханалар жұмыс істейтін болады. Бүгінгі күні 15-ке жуық мемлекет өздерінің ұлттық асханасын ұсынатын тамақтану орындарын ұйымдастуды жоспарлап қойған. Бұл – Италия, Германия, Польша және т.б мемлекеттер. EXPO қалашығы маңында жалпы саны қырықтан астам мейрамхана мен дәмхана жұмыс істейді. Тамақтануға арналған коммерциялық нысандарға 10 мың шаршы метр жер бөлінген. «Астана ЭКСПО- 2017» ұлттық компаниясы өкілдерінің айтуынша, ұйымдарды іріктеу әлі жалғасып жатыр. Қазіргі кезде жаппай тамақтандыру нысандарына арналған жердің тең жарымы берілген. EXPO қонақтары көрмеге қатысушы елдердің ғана емес, қазақтың ұлттық тағамдарынан да дәм тата алады. Ал қызметкерлер мен еріктілерге 1 жарым мың орындық арнайы асхана қаралған.

ДӘУЛЕТ ЕРКІМБАЕВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰҚ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көрме қызметкерлерін тамақтандыруға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Олардың барлығы айлық алады және тамақтануға қаражатты өз қалталарынан шығарады. Ал еріктілерге келетін болсақ, оларға белгілі мөлшерде қаржы қарастырылады. Көрме күндері сол ақша таңғы, түскі және кешкі асқа жұмсалады. Олардың жұмысы күндізгі, кешкі және түнгі  ауысымнан тұрады. Егер ерікті күндізгі ауысымға кірсе, онда оған таңғы және түскі асы беріледі.

Айта кетейік, қазір «EXPO-2017» көрмесіне 115 ел мен 18 халықаралық ұйым қатысатынын ресми растады. «Бұл – рекордтық көрсеткіш»,-дейді сарапшылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер