Қазақстанның ЖІӨ биыл 2 жарым пайызға өседі. Бұл туралы халықаралық валюта қорының өкілі Марк Хортон мәлімдеді. Осылайша, дүниеүзілік қаржы ұйымы ұлттық экономика министрлігінің болжамын одан әрі жақсарта түсті. Еске салсақ, сала басшысы Тимур Сүлейменов биылғы жалпы ішкі өнім 2 пайызға өседі деп айтқан болатын. Тағы бір қуантарлық жайт – инфляция деңгейінің төмендей түсуі.

МАРК ХОРТОН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХВҚ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Инфляция деңгейінің 18 пайыздан 8,5 пайызға кемігенін көрдік. Көрсеткіш алдағы уақытта да төмендей түседі. Бір жағынан бұл мұнай бағасының нығаюына, екінші жағынан Ұлттық банк тарабының ақша-несие саласын тиімді басқаруына байланысты болады.

Халықаралық валюта қорының өкілі Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын табысты деп есептейді. Ал назарға алуды қажет ететін негізгі мәселе банк секторының ахуалын жақсарту жайы, деп есептейді. Марк Хортонның пікірінше, қазіргі уақытта коммерциялық банктерге мемлекеттік бюджеттен қолдау аса маңызды. Үкімет тарапынан оларға капитал бөлу мәселесі қолға алынуы керек, - дейді сарапшы. 

МАРК ХОРТОН, ХВҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ :

Банк акционерлері қосымша қаржы көздерін іздеуі қажет. Бұл ретте, үкіметтің қазынасына ғана сенім артуға болады. Яғни, қаржы министрлігі Ұлттық банк қорына қол сұқпауы тиіс. Себебі, ол нарықты одан әрі реттеумен айналысады. Бұған қоса, ұлттық қор қаражатын ұлғайту жолдары қарастырылуы қажет.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер