Қазақстандық жастар ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиеленеді. Көп ұзамай мектеп бағдарламасына «Қазақстан халқының салт-дәстүрі» деген жаңа пән енгізілуі мүмкін. Жоба әзірге Шығыс Қазақстанда қолға алынды. Оқу жылының соңына дейін Өскемен, Семей, Ұлан және Глубокое аудандарындағы 9 мектептің 5-сынып оқушылары аталмыш пәнді оқи бастады. Әзірге екі арнайы бағдарлама дайындалған. Тиімдісі жаңа оқу жылынан бастап, жүйелі кәдеге асырылады.

АЙЖАН САДЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Министрліктен де ұсыныс келіп түсті бұл курсты жетілдіру бойынша. Сол екі авторлық топтың курстары мектептерде жүргізілуде. Бұл курсты жүргізуге біздің мұғалімдер алдын ала дайындалған».

МАҚСАТ МЕДІҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біздің өз тәжірибемізде кездескендей басқа жат ағымдарға неге бас ұрады. Олар өз дәстүрін құрметтемеуі салдарынан жетік білмейді салдарынан».

Осы Шығыс өңірінде халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуге бағытталған шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Солардың бірі Аягөз ауданында өтті. Саятшылықтан Қазақстанның 11-ші чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен командалар қатысты. Жарыстың бірінші кезеңінде құсбегілердің киімі, ат әб-зелдері бағаланып, қажет құрал-жабдықтары тексерілді. Бұдан соң сайыс қыранды қолға шақырумен жалғасты. Көпшілік қыран құстың аң ілген кезін де тамашалады.

НҰҒЫН ҚАЙДАРҰЛЫ, САЯТШЫ:

Мына құс деген нәрсе өте қасиетті нәрсе. Мұны баптап салу деген нәрсе оңай нәрсе емес. Осыған төзімділік керек, қатты қол батырмау керек, қарнын ашырмау керек. Бабын тауып отырып салсаң, көңіліңді көтеріп, жастардың талаптанатын нәрсесі. Алып жүрген адамға әуелі тұмау да тимейді. Далада жүргендікі ме, жоқ мұның микробты өздігінен жоятындығы ма.

40-тан астам қыран өнер көрсеткен 2 күндік жарыстың қорытындысы бойынша павлодарлық саятшы Бақытжан Мұқашев жарыстың бас жүлдесін қанжығасына байлады. Осындай шаралардың ұлттық спорт түрлерін жастар арасында насихаттауда тигізер ықпалы мол дейді аға буын өкілдері.

ӘНУАР БИМУРЗИН, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Мәңгілік ел деген бұл біздің жастарымыздың бойынан патриотизм және мына рухани байлық, осының бәрін кешегі үлкендерімізден қалған қадір қасиет бойларынан табылса дейміз. Аталарымыздан қалған осы бүркітшілер сайысы біздің ойымызша, бұл бүкіл Қазақстанда өте үлкен дайындық алып, халықаралық аренаға шығады деген үмітіміз бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер