Елордада белгілі суретші Марат Тоқсейітовтың жеке көрмесі ашылды. «Ауылым алтын бесігім!» қағидасын берік ұстанатын  қылқалам шебері бұл жолыда үйреншікті тақырыбынан аутқымаған. Көрмеге қойылған әр енбегі кіндік қаны тамған туған өлкесінің әсем табиғаты мен тұрғындардың күнделікті тыныс тіршілігінен сыр шертеді.

МАРАТ ТОҚСЕЙІТОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ауылға жиі барып тұрамын. Жыл сайын 56 рет барып ауылдан шабыттанамын. Кейін Астанаға келіп шеберханада жұмысымды бастаймын.  Келіп менің көрмемді көріп туған ауылын сағынышпен еске алама деп, мүмкін ауылға барып қайтарма деген осындай үмітім болған.  

Автор туып-өскен үйінің жылуын ешқашан естен шығармайтын әрбір жанға етене таныс көріністерді дәлме-дәл жеткізеді. Бейнелер, көңіл-күй мен уақыттың айқындығы еріксіз ауылға саяхат жасағандай әсерде қалдырады дейді, көрмені тамашалауға келгендер.  Жалпы «Туған жер» топтамасына  шебердің 40-қа жуық туындысы енген.

ТӨЛЕУҚАЗЫ БАЙҒАЛИЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:

Декоративті ашық бояулармен салынған. Сырт көзге көптеген реализмді ұсақ-түйектер бар секілді. Бірақ қасына барсаң ондай жоқ. Алыстан қарау керек бұл жұмыстарды. Кенеп маймен орындалған бұл еңбектер көп сақталады.

Марат Тоқсейітов еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, көркемөнер академиясының академигі, Суретшілер одағының ең жоғары марапаты – «Алтын омырау» белгісінің иегері. Кескіндемеші негізінен портрет және пейзаж жанрларында жұмыс жасайды.  Жақында 70 жылдық мерей тойын атап өткен белгілі суретші енді ауылдастарының порттреттік бейнелерін көпшілік назарына ұсынуды жоспарлап отыр.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер