«EXPO-2017» көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатынын растады. Қазақ жерінде өтетін Халықаралық шараға елдердің бірінші тұлғалары арнайы келмек. Мысалы, Малайзия премьер-министрі Набжиб Тун Разактың Астанаға сапар жасайтыны қазірден белгілі. Бұл туралы Малайзия ұлттық секциясының комиссары Доктор Зайни Бин Уджанг мәлімдеді. Ол жоғары деңгейдегі халықаралық шараға қатысуға мүмкіндік алғаны үшін алғыс білдірді. Ахметжан Есімов «EXPO-2017» көрмесі аясында малаизиялықтарға барынша қолдау білдіретіндігін айтып, Малайзия ұлттық павильонының табысталуы жөнінде құжаттарға қол қойды.

Қазір халықаралық шараға билет саудасының нағыз қызған шағы. Халықаралық көрмеге кіру құны 4 мың теңгеден 8 мың теңге аралығында бекітілген. Билетті нақты бір күнге немесе күнін белгілемей сатып алуға мүмкіндік жасалған.

АҚСҰЛУ АРЗЫҚҰЛОВА, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші ақпаннан бастап билет сатуда өзінің датасын өзгерту функциясын іске қостық. Ол ең алдымен, билеттің құны 4 мыңнан басталатын болса, яғни сіз белгіленген күні 10 маусым мен 10 қыркүйек күні нақты бір датаны белгілеп, таңдап алатын болсаңыз ол билетте 4 мың теңгеден жұмыс күндері ал демалыс күндері 6 мың теңгеден. Ал егер сіз жаңағы ашық датамен билет сатып алатын болсаңыз, жұмыс күндері 6 мың ал демалыс күндері 8 мың ол билеттің құны».

Бүгінге дейін, 608 мыңға жуық билет сатылған. Сатып алушылардың 12 пайызы – шетелдіктер. Ұйымдастырушылар, «ЕХРО» билеттерінің кассаларын шет мемлекеттерде де ашуды жоспарлап отыр.

ДАУЛЕТ ЕРКІМБАЕВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы наурыз айынан бастап еліміздің барлық облыс орталықтарында кассаларымыз ашылады. Сондай-ақ, Ресейде 5 касса ашу жоспарымыз бар. Осылайша, қазір сол жақта оқуда немесе жұмыста жүрген өз азаматтарымыз үшін және шетелдіктер үшін де «ЕХРО» көрмесіне билеттер сатып алуға мүмкіндік туады.

Бүгінде Астана мен Алматы қалаларында билеттерді сататын 4 касса жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, билеттер ресми сайт арқылы, «Қазпочтаның» филиалдарында сатылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар «EXPO»-ға тегін кіре алады. Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар, көп балалы отбасыларға 50 пайыздық жеңілдік бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер