8 ақпан күні 19.00-де «Хабар» арнасы 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгінгі күні медальдар саны бойынша Ресей командасы алда келеді. Екінші орында Қазақстан және үштікте Оңтүстік Корея бар. Күн сайын спорттық жарыстар қызу әрі тартысты өтуде. Бүгін өзінің ақтық мәресіне жетіп, спортсүйер қауымның есінде сақталып қалады деген сенімдеміз.  Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 2-ші орында келеді, оның қоржынында 11 алтын, 7 күміс, 16 қола медалі бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер