Хоккейден Универсиада ойындарына қатысып жатқан Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты. Отандастарымыз жартылай финалда чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды.

Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен ұтқан еді. 

Ал кеше Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді.

Бүгін финалда Қазақстан хоккейшілері Ресеймен кездеседі. Олар жартылай финалда Канада хоккейшілерін 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Сағат 15.00-де ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ «Хабар» арнасынан Қазақстан-Ресей командаларының шайбалы хоккейден финалдық кездесуін тамашалаңыздар!

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер