Астанада Сирия жөніндегі техникалық кездесу өтті. Делегация өкілдері Сириядағы жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату режимін толықтай орындауда бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді. Баспасөз өкілдеріне Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Бас жедел басқармасы басшысының орынбасары Станислав Гаджимагомедов осылай деді. Ресей делегациясының басшысы кездесуге қатысқан тараптар атынан жиынды өткізу алаңын ұсынған қазақстандық тарапқа алғысын жеткізді.

Станислав ГАДЖИМАГОМЕДОВ, РЕСЕЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ, БҰҰ-ның өкілдері  6 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу өткізді. Отырысқа қатысушылар Сириядағы соғысты қалай тоқтатуға болатынын және елде қауіпсіздік орнату үшін қалай тиімді бақылау жүргізу керектігін, қандай шараларды қолдану қажеттігін талқылады.

Тараптар 23-24 қаңтарда Астанада өткен халықаралық келіссөздердегі уағдаластықтарды мемлекеттер ішінде қолдану мәселесін талқылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер