Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан Қазақстанның бірізді реформалар бағытын берік ұстанғанын көруге болады. Сондықтан даму жоспарын жалғастыру маңызды,-дейді Еуропалық парламент депутаты Татьяна Жданок.

ТАТЬЯНА ЖДАНОК, ЛАТВИЯНЫҢ ЕУРОПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ:

Ешбір өндірісі болмаған мемлекетті тәуелсіз ел деп санау қиындау. Сондықтан әрбір елдің тәуелсіздігі үшін азық-түлікті қамтамасыз ету мәселесін шешу керек. Еуроодақ елдерінде, дамыған батыс елдерінде индикативтік жоспарлау бұрыннан болғанымен, біздің меңзеп отырғанымыз -  артық өндіріске жол бермейтін егжей-тегжейлі жоспар құру. Яғни бағдарламада көрсетілгендей, Қазақстанның осы салада еңбек ететін білімді мамандары, жеткілікті адами капиталы болса еш қиындықсыз жоспарды орындап, биік мақсаттарға жете аласыздар.

 «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының іске асырылуы – жаңа өндіріс мамандарын даярлаудағы уақытында жасалған әрекет. Кембридж университетінің аға қызметкері Ширин Акинер Жолдауда көрсетілген бастаманы қолдайды. «Бұл жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, техникалық салаға сапалы кадрлар тартуға оң ықпалын тигізеді»,-дейді ол. Сондай-ақ, Акинердің пайымдауынша, жоғары білім беру сапасына айрықша көңіл бөлу арқылы Қазақстан университеттері әлемнің беделді оқу орындары арасында бәсекеге қабілетті бола түседі.

ШИРИН АКИНЕР, КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы үлкен маңызға ие. Бұл жәй реформа емес, жүйелі реформа. Ол тереңінен ойластырылған және жаһандық бәсекелестікке төтеп беруге дайын. Президент Назарбаев жолдауының негізгі түйіні әлеуметтік мәселелерде. Бұл халықтың назардан тыс қалып қоймағанын көрсетеді. Жолдауда білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген. Бұл оның дамуына деген жаңа серпін береді деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер