Биылдан бастап Қазақстанда жаңа 40 инвестициялық жоба жұмыс істейді. Олардың ішінде кабель, дәрі-дәрмек алюминий құймаларын өндіретін кәсіпорындар бар. Мұны Үкімет отырысында инвестиция және даму министрі мәлімдеді. Ал былтыр Индустриялизация картасы аясында 130 жоба іске асырылған. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір электр техникасы, құрылыс тауарлары, резіңке, металл және желімнен жасалатын бұйымдардың экспорттық көрсеткіші ұлғайған.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:
2016 жылдың 9 айында тікелей инвестиция 4,5 есе ұлғайды. Бұл 12,3 млрд АҚШ долларына тең. Инвестор тарту бағдарламасын қайта іске қостық.

Инвестициялар және даму министрі 2017 жылы экспорт көлемін көбейтуге күш салады. Қазір 116 сыртқы сауда нарығында «Made in Kazakhstan» белгісімен 360 түрлі тауар саудаға түсіп жатыр. Әуе тасымалы мәселесі де реттелген. Мәселен, отандық компаниялардың Еуропалық одақ аясындағы елдерге ұшуына еш кедергі жоқ. Халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктері тағы бар. Сонымен бірге, 2017 жылы ведомство өкілдері Халықаралық банк мамандарымен бірлесе отырып, инвестициялық стратегия әзірлемек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер