Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар саяси жүйенің тиімділігін арттыруға бағыттылған. Шетелдік дипломаттармен кездескен еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осылай деді. Ведомство басшысы елшілерді конституциялық реформа жөніндегі Президенттің басты ұсыныстарымен таныстырды. Министр саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы ауқымды реформалар ел экономикасын дамытуға бағытталғандығын атап өтті. Сондай-ақ, Қайрат Әбдірахманов Ата заңға енгізілетін өзгертулерді халықпен талқылаудың барынша ашық түрде өтетіндігіне тоқталды.

ҚАЙРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Реформа Президент, парламент және Үкімет арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлуге бағытталған. Бұл реформа еліміздің және әлемнің даму қарқынына сай жүзеге асырылмақ. Демократиялық елдердің тәжірибесіне сүйенеміз. Реформа арқылы  тиімділікті арттыруды көздеп отырмыз.

Сыртқы істер министрі елдегі инновациялық-технологиялық өндіріс үшін жасалынып жатқан жағдайға тоқталды. Елшілерді өз үкіметтерін екіжақты әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері жайлы хабардар етуге шақырды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер