Қазақстан Президенті ұсынған конституциялық реформа мемлекеттік аппаратының жұмысына тың серпін береді, дейді Германияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы бұрынғы елшісі Дитер Боден. Еске салсақ, Елбасы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастама көтерген болатын.

ДИТЕР БОДЕН, ГЕРМАНИЯНЫҢ ЕҚЫҰ-ДАҒЫ БҰРЫНҒЫ ЕЛШІСІ:

Президент бірқатар өкілеттіктерін Парламент мен Үкіметке береді. Бұл - Министрлер Кабинеті жұмысының тиімділігін арттыру үшін жасалып жатқан қадам. Мұндай реформа кез келген мемлекетке қажет. Немістер Қазақстанда демократиялық қоғамның қалыптасып келе жатқанын байқап отыр. Бұл - ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктердің бірі. 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мемлекеттің әлемдік аренадағы беделін көтерді.

Қазақстанның саяси жүйесіндегі эволюциялық өзгерістер азаматтардың елдегі жағдайға оң ықпал етуіне және қоғамдық өмірге белсене қатысуына жол ашады, дейді ресейлік сарапшылар.

СЕРГЕЙ РЕКЕДА, ММУ МАК БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстанның мемлекеттік жүйесі дамып келеді, бірте-бірте ол қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге бейімделеді. Мемлекеттегі өкiлетті органдар қосымша мүмкіндіктермен бірге, бақылау функцияларын алады. Парламент енді Президенттің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан халқы таңдаған депутаттардың алдында жауап береді. Бұның негізгі мақсаты Қазақстан азаматының еліндегі саяси жүйеге ықпал ете алу мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстанның мемлекеттік басқаруындағы жаңа реформалар – заңды үдеріс, дейді британиялық «First» баспа үйінің өндіріс жөніндегі директоры Имон Дэйли. Ол мемлекеттік құрылыстың тиімді моделін жобалауда бұл бастамалардың әсері мол екенін айтады.

ИМОН ДЭЙЛИ, «FIRST» БАСПА ҮЙІНІҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Өкілеттіктің басым бөлігін үкіметке, парламентке және басқа да билік тармақтарына беру – уақытында қабылданған шешім. Бұл парламенттің үкімет құрамын бекітудегі рөлін күшейтеді және министрлер кабинетінің жауапкершілігін арттырады. Президенттеріңіздің нақты жоспар құрып, мақсатқа жету механизмінің нақты уақытын белгілегендігі қуантады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер