Қазақстанда алғаш рет астық электронды саудаға түседі. Ғаламтордағы бірінші сатылым да өтті. Енді шаруаларға өз кәсіптерінің нәсібін көру үшін желіге қосылған компьютер және электронды цифрлі қолтаңба ғана қажет. Өткен орақ науқанында электронды астық қолхаты енгізілген еді. Осының негізінде енді онлайн-аукцион жүргізу мүмкін болып отыр.

ӘУЕЗХАН ДАРЫНОВ, ҚАЗАҚСТАН ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұрын элеваторға астығын өткізгеннен кейін сосын сататын уақытында элеваторды аңдып жүретін күнде барып, сатып алатын адамдар келді ме, келмеді ме, телефонмен звондап деген сияқты. Қазір үйде отырады да, осынша менің астығым бар, бағасы осындай деп интернетке жібере салады.

ЖАНАСЫЛ ОСПАНОВ, ҚР ҚМ «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Егер қазір сауда алаңында сатылым көп болса, тиімділік те соғұрлым артады. Астық қолхатын дәл қазір осы жерде сатып жіберуге болады. Оның ақшасын да кез келген уақытта ала аласыз.

Маңдай терімен егіп, өсірген астығын нарықтағы нақты бағаға саудалау арқылы диқандар мол пайда табады. «Қазақстандық шаруалардың бүгінде одан бетер жоғары баға ұсынуға мүмкіндігі бар. Ол үшін әлі де болса тыңайтқыш таңдауға баса мән берген жөн»,-дейді мамандар.

ӘУЕЗХАН ДАРЫНОВ, ҚАЗАҚСТАН ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қандай жақсы тұқым болса да, қандай тыңайтқыш салса да ол анау арам көп болса, тағы да 50 пайызға дейін астықтың сапасы да төмендеп қалуы мүмкін, өнімі де төмендеп қалуы мүмкін.

Саланы жетілдіру мұнымен шектелмейді. Жақын арада еліміздегі астық қабылдау мекемелерінің рейтингін анықтау көзделіп отыр. Бұл жерде басты шарт ретінде астық қолхаттарын сақтандыру талап етіледі.

ЖАНАСЫЛ ОСПАНОВ, ҚР ҚМ «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕП ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Егер астық қолхаты сақтандырылып, шаруа бидай қабылдау орнынан тиісті құжаты бойынша өнімді қайтара алмай қалған жағдайда, ол сақтандыру компаниясына барып, ақшасын өндіріп алады.

Сақтандыру мәжбүрлі шара емес. Сондықтан елдегі 207 астық қабылдау мекемелерінің бәрі бірдей жаңа жүйе шеңберінде жұмыс істейді деп айту қиын. Дегенмен саладағы өзгерістерді пайдалана білген шаруалардың ұтылмасы анық. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер