Қазақстандық агроөнеркәсіп кешенінің алдында 2021 жылға қарай азық-түлік экспортын 40 пайызға көбейту мақсаты тұр. Оның ішінде астық өнімдері бойынша Еуразияда жетекші рольге ие болу көзделуде. Отандық ұн өндірушілердің биылғы жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Жылдық өсім 7 пайызды құрады. Ал экспорт 38 пайызға артқан. Астықты аймақтардың бірі Ақмола облысы бидай мен ұнды 20-дан астам мемлекетке сатады.

ӘМІР САҒИТОВ, ДИІРМЕН ТЕХНОЛОГЫ:

Кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді. Қазір біз Тәжікстанға жіберілетін үш вагонды тиеп жатырмыз. Ол жаққа шамамен 3 мың тонна жөнелттік. Оның сыртында Ауғанстан, Қырғызстан және Қазақстан бойынша өткіземіз.

Ұн экспортының  географиясы жылдан-жылға қысқарып бара жатқандығы байқалады. Қазір негізгі тұтынушымыз – Ауғанстан. Орта Азия елдерінің көбі астықтай сатып алғанды дұрыс көреді. Өздерінің ұн өндірушілерін қорғау үшін олар сырттан келетін өнімге акциз салығын енгізген. Міне, осындай кездерде мемлекет біздің мүддемізді қорғауы қажет, дейді шаруалар.   

ВЛАДИМИР ДРАНЧУК, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент өнімді сақтау, тасымалдау, өткізудің тиімді жүйесін қалыптастыру керек деді. Біздің ойымызша, ортақ мәселелерді шешіп отыратын бірегей астық холдингін құру қажет. Қанша бидай тартып, қанша ұн шығару қажеттігін, оны қандай елдерге өткізу керектігін,  сондай-ақ вагондармен қамтамасыз ету, темір жол тарифін реттеп отыратын  бір орталық қажет деп ойлаймын.

Еңбек Ері Сайран Бұқанов аграрлық саланы дамытудың бір жолы, егістік алқаптарын әртараптандыру деп біледі. Бір ғана бидайға иек артпай, сұранысқа ие басқа да дақылдарды өсіруге ден қою қажет. Және ол жұмыстардың ғылыми негізде жүргізілгені маңызды. Елбасының аграрлық ғылыми-зерттеулерге салынатын инвестицияны арттыруды міндеттеуінің мәні сонда, дейді тәжірибелі маман.

САЙРАН БҰҚАНОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ:

Ғылым саласы мына өндірістен, ауылшаруашылығынан алысырақ тұр, оны жақындату керек. Диверсификация деген немене, қазір біздің структурада бидай 49 пайыз, бұрын 90 болған, қалғандары майлы дақылдар. Бидайдан екі есе пайдалы.  

Жолдауда алға қойылған міндеттер ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ойынан шығып отыр. Ендігі мақсат – оны жүзеге асыру. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер