Отандық ғалымдар бидай мен арпаның қуаңшылыққа төзімді сұрпын өсіруді ойластырып жатыр. Олар Австралия ауыл шаруашылығының озық тәсілін енгізбек. Әлемнің үздік ауыл шаруашылық университетінен тәжірибе алған отандық ғалымдар дәнді-дақылдардың бірнеше түріне талдау жүргізген.

САТЫБАЛДЫ ЖОТАЕВ, ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ДИХАНШЫЛЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Солтүстік Қазақстанның қуаң климаттық аудандарына арналған құрғақшылыққа шыдамды, өнімділігі жоғары сұрыптарды шығару біздің мақсатымыз отандық селекционерлерге жәрдемдесу.

Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің мамандары картопқа түсетін қоздырғыштың түрлерін анықтауды қолға алған. Осы арқылы алқапқа егілген өнімнің шығымдылығын арттыруға болады,-дейді мамандар.

ВАДИМ ХАСАНОВ, КАРАНТИНДІК ӨСІМДІКТЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Картоптың вирустық ауруларын анықтайтын диагностикалық тест жүргіземіз. Бұрындары шетелдік тәсілді қолданатынбыз. Қазір отандық диагностикалық тесті пайдаланамыз. Осы арқылы картоптың жапырағына, тамырына немесе өніміне түскен дертті анықтай аламыз. Бұл дегеніміз өнімділіктің артуына кепілдік береді.

Бұл фитотронда студенттер қиярды жасанды және қара топырақта қалай өсіру керектігін үйреніп жатыр. Тіпті, айналдырған екі аптада өнім алуға да болады.

ҚАЛДЫГҮЛ ӨМІРЖАНҚЫЗЫ, 3-КУРС СТУДЕНТІ:

Пісіп жетілген кезде кәдімгі қиярдан жасанды ортада өскетін қиярдың айырмашылығын байқаймыз. Біздің байқауымызша жасанды ортада өсетін қияр тез өседі, көп өнім береді. Бірақ қара топырақта өскен қиярдан құнарлылығы аз. Дәмі де су татиды. Гидроқондырғыдағы қияр өнімді тез береді әрі экономикалық тиімді. Біз екі аптада өнімділігін ала аламыз.

ЫРЫСГҮЛ ТҰРБЕКОВА, ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Фитотрондағы жаңалығымыз ол минигидрофоника құрастырып шығардық. Көкеніс дақылдарынан өнім алу үшін көшеттер алдын-ала отырғызылады. Жасанды субстрактарда өсімдіктер өседі.

Бүгінде заманауи білім беру жүйесінде теориядан гөрі тәжірибеге көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында бұл таптырмас тәсіл,-дейді мамандар. Себебі, мұнда магистрлер мен студенттердің  теориядан тәжірибесі басым.

НҰРЛАН СЕРІКБАЕВ ҚАТУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Былтырдан бастап біздің 1200 гектарлық ауылшаруашылығы кампуста жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда біз тыңайған жерлерді игеріп, ғылыми жұмыс жүргіземіз. Оның дақылдарын алдық.

Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын оқу орны бүгінде АҚШ-тың Davis университетіндегі ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Жаңа білім беру бағдарламасын да енгізген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер