Елордада Холокост құрбандарын еске алу кеші өтті.  БҰҰ-ның бекітуімен жыл сайын өтетін халықаралық аза тұту шарасында астаналықтар мен қала қонақтары Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары жаппай қырылған еврей халқының құрметіне  жазылған музыкалық шығармаларды тыңдай алды. Классикалық әуен сарындары сарқылған кеште қазақ Ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі Барбер, Шестакович, Прокофьевтің өшпес туындыларын орындады. Дирижері белгілі израильдік композитор – Беньямин Юсупов.

БЕНЬЯМИН ЮСУПОВ, ДИРИЖЕР, /ИЗРАИЛЬ/:

Бағдарламаға еврей композиторлары мен Холокост құрбандарының тағдыры баяндалатын «Шиндлер тізімі» филіміне арнайы жазылған музыкалық шығармалар енді. Кілең жастардан  құрылған оркестр күрделі классикалық туындыларды бірден үйреніп, менің жеткізгім келген ойымды жылдам қағып алып іліп әкетті. Бірге бар болғаны 3-4 күн ғана дайындалдық.

Биыл Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл. Ширек ғасырда тараптардың саяси, экономикалық байланысмен қатар мәдени сабақтастығы беки түсті. Осыған орай алдағы наурыз айында қос елдің сахна саңлақтары елордада бірлескен концерттік бағдарлама ұсынбақ.

МИХАЭЛЬ БРОДСКИЙ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІ:

Біз биыл Қазақстанда ұйымдастыратын бірқатар ауқымды шаралар тізімін құрдық. Әсіресе «ЕХРО» көрмесіне мол сенім артылып отыр. Оның аясында Израиль күні өтеді. Онда жасыл технологиялар саласындағы жетістіктерімізбен қатар, еліміздің тарихы, мәдениеті мен бүгінгі тыныс тіршілігінен сыр шертер бағдарлама жасалды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер