Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 xалықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына Чеxия президенті Милош Земан бастаған делагация келіп қатысады. Бұл туралы Чеxия Парламенті депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачек мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бүгінде Қазақстан тұрақты экономикалық дамуды бастан өткеріп келеді. Бұл, әрине, чехиялық кәсіпкерлердің үлкен қызығушылығын тудырады. Әсіресе, бизнес өкілдері Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті. Көрменің ашылуына Чехия президенті Милош Земан қатысады», - деп атап өтті Ян Гамачек.

Айта кетейік, бүгін Астана Қазақстан-Чеxия бизнес-форумы өтіп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер