Жаңғыртудың үшінші кезеңі – елімізді тұрақты дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің қисынды жалғасы. Елбасы жолдауы жөнінде отандық және шетелдік сарапшылардың пікірі осындай. Астанадағы форум барысында мамандар жолдаудағы басты міндеттерді талқылап, бұл құжат жаңа технологиялық құрылымға, біртіндеп көшуге мүмкіндік беретінін айтты. «Ал, конституциялық реформа басқару жүйесінің тиімділігі мен саяси трансформацияны одан әрі арттыруға бағытталған», - дейді.

САН ЧОЛЬ КИМ, ХАНГУК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /ОҢТҮСТІК КОРЕЯ/:

Мен Қазақстан Президенті жариялаған конституциялық реформа жайында ақапарат құралдары арқылы білдім. Бұл бастама қазір әлемдік өзгерістерге жауап ретінде қолға алынған. Реформа Үкімет пен Парламенттің жауапкершілігін күшейтуге бағытталып отыр.

Елбасы өз Жолдауында аграрлық сектор Қазақстан экономикасының жаңа драйвері болуы тиіс деп атап көрсетті. Әсіресе, отандық тауар өндірісін дамытуға ерекше тоқталған. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырды. Осы бағытта табиғи таза өнімдерді Қытайға саудалаудың мүмкіндігі зор. 

ЛИ ЦЗЫГО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ /ҚХР/:

Мade in Kazakhstan» мен «Мade in China – 2025» жоспары арасынан ұқсастық байқадым. Бұл екеуі де мемлекеттің даму ерекшелігіне негізделе отырып, ұқыптылықпен дайындалған. Әсіресе, Президент Н. Назарбаев «Made in Kazakhstan» экологиялық таза тағамдардың эталоны болуы тиіс деп айқын көрсетіп берді. Енді нақты жұмыстар істеу керек. Бүгінде Қазақстан мен Қытай ауыр өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтан гөрі ауылшаруашылық өнім шығару, электронды сауда, баламалы энергия көздерін дамыту сияқты салаларда жаңа әріптестік деңгейіне шықты. Бұл екі ел үшін де үлкен жетістік. Мен «Мade in Kazakhstan» мемлекеттің өндірістік әлеуетін жаңа белеске көтеретініне сенімдімін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер