Қазақтың қара алтынын экспорттауда Каспий құбыры консорциумының маңызы зор. Себебі еліміздің батысында өндірілген мұнай Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы Қара теңізге жеткізіліп, сол жерден танкерлермен әлемдік нарыққа жөнелтіледі. Бұл туралы Мәскеуде журналистерге консорциумның бас директоры Николай Горбань мәлімдеді. Былтыр корпорация Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы тартылған құбырмен 44 миллион 317 мың тонна мұнай тасымалдады. Оның басым бөлігі – қазақ жерінде өндірілген қара алтын. Бұл кәсіпорынның 15 жылдық тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады. Құбыр арқылы тасымалданған көмірсутегінің көлемі ұлғайған соң, консорциумнің табысы да артып, 1 миллирад 600 миллион долларға жетті. Оның ішінде таза пайда 306 миллион доллар.

НИКОЛАЙ ГОРБАНЬ, КАСПИЙ ҚҰБЫРЫ КОНСОРЦИУМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

2016 жылы теңіздегі терминал арқылы әлемдік нарыққа барлығы 44 миллион 280 972 тонна мұнай жөнелтілді. Оның ішінде 40 миллион 819 мың тонна мұнай –  қазақстандық өндірушілердің шикізаты. Мәселен, Қашаған кен орнына 803 мың тонна мұнай тиесілі. Қалған 3 миллион 497 мың тонна  мұнай Ресейдің үлесінде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер