Қазақстандық ғалымдардың еңбегі дүниежүзіне қолжетімді болмақ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» журналы «Scopus» дерекқорына енді. Бұл – Орталық Азиядан әйгілі деректер базасына енген тұңғыш журнал. Басылым 2013 жылдан бері жылына 4 рет шығарылады. Көтерілетін басты тақырыптар: биология, механика, геология, геофизика және электродинамикадағы математика. Ақпараттық қауіпсіздік, графика, және компьютерлік қосымшалар тағы бар. Редакциялық алқа құрамына Қазақстаннан бөлек, Франция, Швеция, АҚШ, Корея, Қытай және Германия сынды елдердің белгілі ғалымдары еніп отыр.

ВЛАДИМИР РОМАНОВ, ЖУРНАЛДЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Қазақстанда халықаралық журналдар көп емес. Біздің журналдың қолданбалы математика жөнінде болуы осы саладағы мамандардың өз еңбектерін жариялап, әріптестерінің жұмыстарымен танысуға мүмкіндік береді. Өйткені мақала жарияланған соң, өзгелері оған қызығушылық білдіре бастайды. Әріптестік жөнінде ұсыныстар да түседі. Басты артықшылығы -  зерттеуші еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалуы. 

Яғни, бұл журналдың халықаралық деректер базасына енуі отандық ғалымдар зерттеулерінің ерекше әрі өзекті болуын аңғартады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер