«Классика сәннен шықпайды».  Осындай атаумен елімізде алғаш рет Әсел Әбілсейітованың фортепиано музыкасына арнаған кеші өтті. Бұл – Лондон Корольдік музыка акамедиясы түлегінің еліміздегі алғаш концерті. Әсел бағдарламаның жергілікті тыңдарманға барынша жақын болуына аса көңіл бөлген.  Дәл осы себептен классика, оның ішінде романтикалық сарындағы туындылар таңдалып отыр.

ӘСЕЛ ӘБІЛСЕЙІТОВА, ПИАНИСТ:

Мен елде алғаш өнер көрсеткендіктен өте қобалжыдым. «Астана Опера» сынды ғимаратқа таң қалудан жалықпаймын. Бұл жерде сапалы концерттер өткізуге барлық жағдай жасалған. Концерт бағдарламасын тыңдарман музыканы сезініп, дем алатындай етіп таңдадым.

Концертте Сергей Рахманиновтың, Леош Яначектің, Роберт Шуманның туындылары орындалды. Мұндай үйлесімділікті астаналықтар ерекше ықыласпен қабылды. Алайда музыканттың қобалжи күткен көрермендері де бар еді.  Бұл жолы негізінен шет елде өнер көрсететін немересінің  концертінде Әселдің әжесі  тұңғыш рет болды. 

МАҒИША НҰРҒАЛИЕВА, ӘСЕЛ ӘБІЛСЕЙІТОВАНЫҢ ӘЖЕСІ:

Англияда оқыды. Кейін Швейцарияда магистратурада оқыды. Халыққа адал қызмет етіп жатыр. Мен, әрине, осыған өзім  қуаныштымын.

Әсел Әбілсейітова бұған дейін Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Италия, Франция сынды елдердің сахналарында өнер көрсетіп үлгерді. Елде жеке концерт беру жоспары да іске асты. Енді Әсел отандық жобаларға жиі қатысып, сапалы музыканы дәріптеуді жоспарлап отыр.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер