Мемлекеттік қызмет жөніндегі заң талабына сәйкес жұмысқа кіріскен саяси мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде халыққа Президенттің алдында ант берді.

Олардың қатарында Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Президент Әкімшілігінің лауазымды тұлғалары, Үкімет мүшелері мен өңір басшылары бар. Президент мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін міндет артып, сала мамандарын іріктеу талабы күшейетіндігін алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ант беру арқылы сіздер өздеріңізге үлкен мерейлі міндет, жауапкершілік жүктеп, адал қызмет істеуге серт бердіңіздер. Азаматтың бағасы ерлігі мен ержүректігі, отансүйгіштік сертке адалдығынан болатын. Қазір оңай емес заманда жұмысқа келіп, ант беріп тұрсыздар. Мен жариялаған Жолдауымда Қазақстан экономикасының жағдайын бүгінгі заман талабына сай етуді көтердім. Ол оңай емес. Себебі бұрын-соңды болмаған жаңа талаптар. Жоғарғы буын өкілдеріне аса жауапты жұмыстар жүктелетінін білесіздер. Егемен елімізге, туған халқымызға қызмет ету – барлығымыздың перзенттік парызымыз. Ешуақытта ұмытпау керек. Осы мәртебелі мақсат жолында халықтың алдында аянбай еңбек ету біз үшін ең бірінші талап болып саналады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер