Президенттің Қазақстан халқына жолдауында белгіленген міндеттерді орындау бойынша ел үкіметі жалпыұлттық жоспар құрады. Бұл туралы министрлер кабинетінің отырысында айтылды. Электронды және ІТ-технология, киберқылмыспен күрес бағытындағы «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу – Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне, Ұлттық компаниялардың активтерін бақылау Астана халықаралық қаржы орталығына жүктелсе, Ұлттық экономика министрлігіне жолдаудың іске асырылуын қамтамасыз ететін жалпы Ұлттық жоспарын әзірлеу тапсырылды.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Елбасы біздің алдымызға үшінші жаңғыртудың жаһандық мақсат-міндеттерін айқындап беріп отыр. Оның ішінде Үкіметке Қазақстанның Ұлттық технологиялық бастамасы деп аталатын 2025 жылға дейін стратегиялық жоспарын дайындауды тапсырды.Тимур Мұратұлы, сіз Қазақстанның сіз елбасының Қазақстан халқына жолдауын жалпы ұлттық жоспарын дайындап, Үкіметке тез арада елбасының жарлығының жобасын ұсыныңыз.

Жолдау аясында Үкіметтің атқарар істері тізімінде Бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеу мәселесі бар. Бұл істі жергілікті әкімдіктер және Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алады. Сонымен бірге, Бақытжан Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне экспортқа бағдарланған электромобильдер өндірісін дамыту мәселесін пысықтауды тапсырды. Президент Жолдауда үкіметке шетелден инвестиция тарту бағытындағы жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл міндетті орындау мақсатында күзге дейін инвестициялық стратегия қабылданады, деді үкімет басшысы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер