Лондонда білім тренингтері мен технологияларына арналған «BETT Show-2017» көрмесі өтті. Білім көрмесі соңғы 33 жыл бойы жыл сайын 138 елден 500-ге жуық қатысушы, 30 мыңдай көрермен жинап келеді. 40 мың шаршы метрге созылған павильондардың көлемі де таң қалдырады. Мұнда ағарту саласындағы технологиялық жетістіктермен қатар, білімге қатысты кеңейтілген іскерлік бағдарламалар да ұсынылған. Көрмеге біздің елден де өкілдер қатысты.  

ТӨЛЕБАЙ ТӨЛЕПОВ, «ҚАЗИНТЕРСЕРВИС-РЕГИОН» ЖШС БАСШЫСЫ:

Жалпы, технология дамып жатқан бағыты – робототехника, 3D принтер. Бізде академиялық пәндердің бәрі қалады, бірақ бұл сала шағын бизнестерді көтеруге әсерін тигізеді болашақта. Біз соған балаларды оқытып, үйретуге тырысамыз. Біз сол үшін мектептерге қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз.

Шарада ірілі-ұсақты инновациялық компаниялар өнімдерін насихаттады. Мысалы, 3D көзілдірік адамды түрлі елдерге көзді ашып-жұмғанша жеткізеді. Сондай-ақ, оқу орындарына қажетті көрнекі құралдарды көшіріп, басып шығаратын 3D сканерлер мен принтерлерлер де бар.

КАРОЛИС ГИРДВАЙНИС, MARKETBOT ТЕХНИКАЛЫҚ ИНЖЕНЕРІ:

Біріншіден, бұл техникамен сіз биология пәніне арналған қаңқалар мен физика, химияға арналған үлгілер басып шығара аласыз. Екіншіден, әртүрлі технологияларды пайдалану арқылы балалар әрі ойнайды, әрі ойлайды. Және ең бастысы, 3D принтерлердің болашағы зор. Біз жаңа технологияларды қолдана алатын өскелең ұрпақты бүгіннен бастап тәрбиелеуіміз керек.

Инновациялық білім көрмесіне қатысушылар көптеген соны идеялар тауып, болашақ жобалар үшін іскерлік байланыстар орнатты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер