Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына АҚШ-тың алдыңғы қатарлы университеттерінің студенттері дәріс беріп жатыр. Массачусетс техникалық университетінің үздік студенттері Қарағандыда үш апта болады. Олар мектеп оқушыларына, биология мен химия пәндерін тереңдетіп оқытып жатыр. Сонымен қатар, олар балаларды бүкіләлемдік ғылымда жүзеге асырылып жатқан сараптамалардың нәтижесімен таныстырады. Дәрістер тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Мектеп басшылығы келешекте тәжірибе алмасу үшін бұл істі кейін де жалғастырмақшы.

САМИ ХАН, МАССАЧУСЕТС ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Маған Назарбаев мектебі ұнады. Заманауи жабдықталған. Менің алып келген бағдарламам қолданбалы химияны шынайы өмірде қолдану болып табылады. Оқушылар бұл бағдарламаны бірден түсініп, өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Бұл мектептен менің де алатын тәжірибелерім көп».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер