Әлемдік классикалық туындыларды орындаудың еуропалық сапасы. Астанада «Солистер Академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті өтті. Кеште Франц Шуберттің «Аяқталмаған» №8 Симфониясы си минор, Моцарттың оркестр мен скрипкаға арналған №4 концерті және Чайковскийдің №1 «Зимние грезы» симфониясы сынды классикалық музыканың озық туындылары  орындалды. Концерт дирижері тұрақты тыңдарманға жақсы таныс мексикалық Энрике Батиз болды. Ал кештің тосын сыйы - австриялық скрипкашы Гернот Винишхофер. «Сәті түскенде қазақстандық көрерменмен қауышу мүмкіндігін қалт жібермеймін»,- дейді ол.

ГЕРНОТ ВИНИШХОФЕР, СКРИПКАШЫ /АВСТРИЯ/:

Концертке келушілер туындыларды ойнаудың батыстық сапасын көре алды. Ол –дыбыс, фразировка, яғни қажетті жерлерде баса ойнау. Венада мұндай орындау тәсілі қалыптасқан. Мұның бәрін қазақстандық әріптестеріміз, әрине, жақсы біледі.  Біз бірге көрермендерге сапалы, әсем музыканы жеткізуге тырыстық.

Сондай-ақ, концерке Еуразиялық симфониялық оркестрдың артистері де қатысты. Жоба мақсаты – қазақстандық көрерменді әлемдік музыка өнері жұлдыздарының шығармашылығымен таныстыру, - дейді ұйымдастырушылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер