Қытайда өтіп жатқан «I аm Singer» байқауының екінші кезеңінде Димаш Құдайберген жеңімпаз атанды. «Опера 2» туындысын орындаған Димаштың дауысына миллиардтар елі қайран қалды.

Осылайша 14 кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы екі кезеңінде де қазақстандық өнерпаз топ жарды. «Димашпен салыстырғанда, біздің әншілер караоке деңгейінде ғана шырқайды»,-дейді қытайлық мамандар. Атап өтсек, Димаш күрделі әнді орындау барысында үн биіктігін бірнеше мәрте көтерді. Бұл – бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай.

ДЖАҢ НЯНЬ, БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстандық әнші Димаштың өзіндік ән айту мәнері бар. Маған оның әндері қатты ұнайды. Өте талантты әнші, жоғары нотаны қиналмай алады. Жеңімпаз болуына тілектеспін».

ЛИ БИНРУЙ, БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстандық әнші өте сымбатты. Дауысы да сондай керемет. Ол – нағыз дарын иесі. Димаштың тыңдап отырып, өзіме руxани күш-қуат аламын. Димашты танығалы Қазақстанға деген қызығушылығым артты.

Қазақ баласының Аспан асты еліндегі танымалдылығы күн санап артуда. Кейбір қытайлық саудагерлер интернет дүкендерде «Димаштікіндей қара күрте сатып алыңыз» деген жарнама жасап та үлгерді. Тіпті, Димаштың қолтаңбасы қойылған фотосуреттер қытай ғаламторында 25 юань яғни, 1 мың 200 теңгеден қызу саудаланып жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер