Жаңғыртуға басымдық берген елбасы жолдауын сарапшылар мен мамандар талқыға салып, пікір білдіруде. Елді дамытудың жаңа жолдары ұсынылған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты жолдауда президент әр салаға жеке-жеке тоқталған. Экономиканы инновацияға негіздеп, сандық технологияларды дамытуға баса назар аударды. Құжат тың бастамаларды жүзеге асыруға міндеттейді, дейді мамандар.

АЛУА ЖОЛДЫБАЕВА, «ПАРАСАТ» ЖҮЙЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұрынғы кезекте біз экономикада басты назарда шикізаттық бағытқа назар аударсақ, осы арнайы үндеуде біз экономиканың басқа да инновациялық бағытттарына негізгі басымдықтар беріліп отыр. Қазіргі экономикалық өсімді агроөнеркәсібі, инновация саласы бізге өсім беруі керек.

ВЯЧЕСЛАВ ДОДОНОВ,  ҚСЗИ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Арнайы мәлімдемеде экономикалық өсімнің жаңа моделіне қатысты ой айтылды. Яғни, енді елімізге экономиканың жаңа тетіктерін дамыту керек. Озық технологияларды нарыққа көптеп енгізетін болсақ жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттігіміз артады. Жаңғыртудың үшінші моделі Қазақстан экономикасына серпін беруі тиіс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер