Азық-түлік қауіпсіздігін қамтуда отандық тауар өндірушілер белсенділікті арттыра бастады. Тек ішкі нарықты қамтып қана қоймай, шетел нарығын бағындыруда. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы өткен жылы 200 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. 100 миллиард теңгенің тауарын экспортқа шығарған. Биыл бұл көрсеткішті еселеп көбейтпек. Сарапшылардың айтуынша, экспорттық әлеуетті арттыру үшін бизнестегі ішкі әріптестіктің берік болғаны керек.

МҰҚАН АҒЗАМОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Шетел нарқына Қазақстан нарығына танымал әр түрлі біздің мекемелер, фирмалар брендтер бар. Үш өнімге бір өнім қосып отырып, уақыт өткен сайын өнімді жаңартып отыру керек. Аздаған болса да.  Біздің Қазақстанның ұтатыны түбінде осыдан айнымай табиғи таза өнім өндіріп отырса жүгіріп кеп алады.

Аймақ астықты болмаса да, былтыр 227 мың тона бидай экспорттап, шаруалар 37 миллион доллар пайда тапқан. Майлы дақылдан да мол өнім жинаған. Тек күнбағыс майынан 6 мың тонна шетел нарығына шығарған. Негізінен Орталық Азия мемлекеттерінен сұраныс жоғары. Өңірде қазір өсімдік майын өндіретін 3 үлкен зауыт бар. Оның біреуі ғана жылына 12-13 мың тонна май өндіреді.

ИЛЬЯ БАТОВ,  МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің тауар қазір өз елімізді айтапағанда  Қытай, Монғолия, Өзбекстан және Қырғыздың нарығынан натқы орын алып үлгерді. Экспорттың артуы кәспорынның тұрақты жұмыс істеп, жұмысшылардың жалақысын арттыруға да мүмкіндік береді.

Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттен субсидия бөлуде ауыл шаруашылығын өнімін өңдеп, экспорттаушыларға басымдық берілгені дұрыс. Бұл аграрлық салада сапалы азық-түлік өңдеуде, шаруаларда өзара бәсеке тудыруға кепілдік береді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер