«Сені іздейміз мінберлерден». Алматыда жазушы-драматург, аудармашы, театр сыншысы Әшірбек Сығайға арналған фото және құжаттық көрме ашылды. Онда жазушы-драматургтың еңбектері, өмірінен сыр шертетін заттары қойылды. Бұл заттардың көпшілігін көзі тірісінде Әшкеңнің өзі тапсырса, кейінгілерін жұбайы қосыпты.

КҮЛӘШ СЫҒАЙ, ӘШІРБЕК СЫҒАЙДЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Бірақ бәрін тапсыра алмадым. Неге десеңіз әлі орысша айтқанда «свежая рана» дейді. Мен әлі қимаймын. Әлі қасымда болса екен деймін біраз қағаздары. Солар қалды енді. Оны мүмкін кейін балалар тапсырар оны. Әзірше, өзім сақтап отырмын.

Әшірбек Төребайұлы қоғамдық, мемлекеттік қызметтерді абыройлы атқарды. Ол – 400-ге тарта драматругия, театр мәселесі жөніндегі мақалалар мен ондаған кітаптың авторы, «Бөлтірік бөрік астында», «Жалбыр», «Арбаң сынғанша» және тағы да басқа драмалық және комедиялық қойылымдардың режиссері болды. Өмірінің соңғы жылдары шәкірт тәрбиеледі.

ИСРАИЛ САПАРБАЙ, АҚЫН:

Кейде бір өмір болған соң эмоцияның адамымыз ғой сол кезде күйдім, пістім деген кезде «Исаға, сіз классиксіз»,- деп қояды. Содан кейін барып өзің төмен түсесің. Бір ауыз сөзбен «өзіңізді өзіңіз сақтаңыз «деген әңгіме. Ол жай айтпайды, онда бір философиялық астар жатады.

Өмірде және өнерде «сын шын болсын» деген ұстанымына берік болған Әшірбек Сығайдың артында қалған мол мұрасы әлі талай жыл өнертанушы мен жас өнерпаз үшін таусылмас кен, таптырмас қазына болары хақ, дейді мәдениет қайраткерлері. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер