Қазақстан жаңғырудың үшінші кезеңіне бағыт алды. Енді сандық технологияға негізделген келешегі зор салаларға басымдық берілмек. Жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдемесінде Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте, агроөнеркәсіп кешені мен көлік, логистикаға баса назар аударылатынын атап өтті. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту маңызды екенін айтып, бизнес ахуалды одан әрі кеңейту керектігін тілге тиек етті. Ол үшін мемлекеттің экономикаға араласуын азайтып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті өркендетуге ден қойылады. Тұрғын үй нарығын дамыту да басты назарда. Әдеттегідей білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл мақсаттар осы күні ақпарат құралдарында жарияланған Елбасының Қазақстан Халқына жолдауында көрініс тауып отыр.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен 2 жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз. Мен биылғы жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталады. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілеттілігін арттыра түсуі тиіс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер