Сенаторлар Қазақстанның 2020-шы жылға дейінгі сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелерін талқылады. Аталған құжатты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелеріне Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды. Айта кету керек, бұл тұжырымдамада 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы Қазақстанның қызметі ерекше назарға алынған. Осы кезеңде Сыртқы істер министрлігі мен Парламенттің өзара байланысын нығайту көзделген. Жиын барысында сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің іс-қимылы, елімізге жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның сыртқы саясатын ілгерілету мәселелері талқыланды. Осы ретте геосаясат және әлемдік дипломатияда Астана үдерістері ретінде тарихқа енген Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздер қазақстандық бейбіт дипломатияның бірден бір мысалы екені атап көрсетілді.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл Елбасымыздың саяси күш-жігері мен біздің еліміздің дипломаттарының қажырлы қызметінің арқасында мүмкін болды. Осынау аса маңызды әрі нәтижелі жұмыс үшін комитеттің атынан алғыс айтамын. Жедел нәтижені ешкім күтіп отырған жоқ. Дегенмен, ең бастысы, Сирия мәселесіндегі сең қозғалды. Енді оның оң бағытта ғана дамитынына сенім артамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер