Қазақстан Берлиндегі «Жасыл апта» ауыл шаруашылық көрмесіне қатысты. Биыл жəрмеңкеге 66 елдің 1500 фермері келіпті. 1926 жылдан бастап фермерлер Берлинге əлемнің түкпір-түкпірінен келуді дəстүрге айналдырған. Комбайндар, жүйрік аттар жəне экзотикалық жеміс-жидектер – осының бәрін көрмеден табасыз.

ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Әрине, біздің мемлекет үшін, біздің ел үшін бұл өте керекті нәрсе деп ойлаймыз. Өздеріңіз білесіздер біз қазіргі уақытта мемлекеттік ауыл шаруашылық бағдарламасын енгізіп жатырмыз және кооперация жөнінде бірнеше жобаларымыз бар. Осы жердегі бар болған кәсіпкерлермен кездесіп жаңа технологиялар және жаңа жетістіктерге біздің Қазақстанда жұмыс істеп жүрген ауыл шаруашылық саласында шаруаларға осының барлығын жеткіземіз деп қызмет атқарып жатырмыз.

Көрмеде көптеген елдің ұлттық тағамдарынан дəм татуға болады. Венгр гуляші, украиналық борщ, маракан шайы, түрік пахлавасы. Неміс аспаздары қара фри картобын, қара шұжық жəне қара нан ұсынды. Қазақстандық шоколад, қымыз, алматылық апорт жəне өзге де отандық өнім көп ұзамай Берлиндегі жəрмеңкеге қойылуы мүмкін.

САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстанда бүгінгі күні шетелге шығып жатқан біздің өнімдеріміз көп. Қазақстандык бренд көп. Қазақстанда шығып жатқан мынау көлде, өзен суларында өсетін балықтарымыз бар. Сол балықтардың 80% осы Еуропа елдеріне кетеді. Одан басқа біздің ұнымыз бар, бидайымыз бар. Солардың барлығын негізі осы көрмеге алып келіп, көрсетуімізге болады. Ендігі жылы біз осы көрмеге қатысамыз деп үміттеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер