Түркістандықтар әлемнің түпкір-түпкірінен келетін қонақтарды қарсы алуға дайын. Өйткені биылғы жыл ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен көне шаһар түркі әлемінің мәдени астанасы деп белгіленген. Қазақ жерінде осымен екінші рет өткізілгелі отырған айтулы шара «Ұлыстың ұлы күні -Наурыз» мерекесінен бастау алмақ. Оған түркі елдерінен мыңдаған қонақ келеді. Осыған орай Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, этно ауыл бой көтереді. Онда қазақ халқының салт-дәстүрмен қатар, басқа да  түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен әдет-ғұрпы насихатталады. Қазір жолдар жаңғыртылып кесене маңынан көне архитектуралық пішінде қонақ үй мен сауда орындары салынып жатыр. Көктемнен қара күзге дейін жалпы 50 ден астам түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

ДҮЙСЕН ҚАСЕЙІНОВ, ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Ең бастысы биыл бұл жер түркі әлемінің туристер мен мәдениет қайраткерлерінің жиі бас қосатын, зияратқа келетін мәдени орталығына айналады.Түркістандықтар болса басқа халықтың мәдениетімен жақынырақ танысатын болады.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ,ОҚО ӘКІМІ:

Біздің облысымыз үшін қай жағынан болса да экономика, рухани жағынан да туризм жағынан да пайдасы бар. Біз осыны жетік түсінуіміз керек. Сондықтан да әрбір шарада бұл біздің дүниені танитын, дүненің бізді танитын мүмкіндігі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер