Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесі


Құрметті қазақстандықтар!

Қасиетті Отанымыз Тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды.        

Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық.

Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық.

Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық.

Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз.

Ертең, қаңтардың отыз бірінде менің халыққа Жолдауым бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын.

Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы.    

Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.

Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз.

Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек.

ҚР Президенті                                                                       Нұрсұлтан Назарбаев

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер