Қазақстан мен Францияның дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толды. Осыған орай Франция Президенті құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы арнайы жиында аталған елдің Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен жеткізді. «Саяси тұрғыдан екі ел өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетіп келе жатыр. Барлық жағдайда Франция-Қазақстан әріптестігінің ұдайылығы мен тиімділігіне сенім білдіремін» делінген құттықтау хатта.

ФРАНСИС ЕТЬЕН, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Қазақстан-Франция қарым-қатынасы бұдан былай да стратегиялық әріптестік рухында сәтті дамитытына сенімдімін. Соңғы жылдары екі ел арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастықтан бөлек, мәдени, білім беру саласындағы байланыстар да  айтарлықтай күшейді».

РОМАН ВАСИЛЕНКО ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Франция – біздің ірі сауда әріптестеріміздің бірі. Қазақстан Франциямен саяси-экономикалық тығыз байланыс орнатқан. Ширек ғасыр ішінде екі ел арасындағы байланыстарды дамыту жолында едәуір жұмыс атқарылды».

Франция – батыс елдері ішіннен бірінші болып мемлекетіміздің егемендігін мойындаған ел. Бүгінде Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының көлемі 13 млрд АҚШ долларынан асқан. Ал Астана Ниццамен қарым-қатынаста, Атырау мен Марсель арасындағы байланыстарды кеңейтуді жоспарлауда. 2015 жылы ашылған Астана-Париж бағыты бойынша әуе қатынасы екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени дамуға қарқын берді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер