Осыдан тура бір ай бұрын Талдықорғанда шығарылатын аккумулятор батареяларының алғашқы партиясы алыстағы Африка құрлығына жіберілген еді. Тұтынушы тарап қазақстандық өнімнің сапасын жоғары бағалап отыр. Ендігі мақсат – Африка нарығына мықтап орнығу. Қазақстандық аккумулятор батареялары бүгінде ТМД елдері мен Қытай Ауғанстан және Еуропа елдеріне экспортталады. Өнімдер халықаралық стандарттардың талабына толық сай.

ЖАҚСЫЛЫҚ СИПАҒАТОВ, АККУМУЛЯТОР ЗАУЫТЫНДАҒЫ САТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз Африкаға алғашқыда 5 мың данадай аккумулятор жіберген едік. Тез сатылды. Енді одан да көбірек етіп жібермекшіміз. Осылайша алыс елмен байланысымызды нығайта түсеміз. Бұл екі жаққа да тиімді болады.

Сондай-ақ, зауыт жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті. Енді олар тұрғындардан қолданылған аккумуляторларды қабылдап, оны қайта өңдейді. Бұл экологиялық тұрғыдан да өте тиімді.

ҚУАНЫШ ӘЖМАҒАМБЕТОВ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

Біз енді «Ұлы Дала елі» брендін пайдаланамыз. Жер жүзіне Қазақстанды Ұлы Дала елі қылып таныстыруға жұмыс жасаймыз.

Жыл өткен сайын кәсіпорынның өндірістік қуаты артып келеді. Өткен жылы зауытта 1,8 миллион дана аккумулятор шығарылса, биыл 3 миллион данаға жетеді деген болжам бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер