Қазақстанда жолбарыстар популяциясы қалпына келтіріледі. Ауқымды жобаның бірінші кезеңіне 10 миллион еуро қаржы тартылмақ. Сәйкес келісімге қол қою үшін Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілдері алдағы күзде Астанаға арнайы келмек. Олардың арасында Голливудтың атақты актері және Біріккен Ұлттар ұйымының ауа райы мәселесі жөніндегі елшісі Леонардо ди Каприо да бар. Бұл туралы Жасыл экономиканы дамыту және G-Global-ды дамыту коалициясының басшысы Салтанат Рақымбекова мәлім етті. Оның айтуынша, жолбарыстардың популяциясын жаңғырту Іле-Балқаш өңірінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы аясында жүзеге асады. Мамандардың пікірінше, оған 30-40 жыл уақыт қажет.

Салтанат РАҚЫМБЕКОВА, ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілдері Астанаға қыркүйек айының 8-9-да келеді. Сондай-ақ, Нидерланды климатының өзгеруі мәселесі бойынша елшісі, Біріккен Ұлттар ұйымының ауа райы мәселесі жөніндегі елшісі Леонардо Ди Каприо сынды танымал тұлғалар да осы жобаны қолдап, елордамызға келмек. Қазір біз осы алқалы жиынды өткізуге қатысты жұмысты мемлекеттік органдар және «Астана Экспо-2017» компаниясымен бірлесіп атқарып жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер