28-Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 60-қа жуық мемлекеттің спортшы жастары қатысады. Дүбірлі додаға шетелдік делегациялардың ішінен алғашқы болып қытайлықтар жетті. Олардың ізін ала Жапония, Ұлыбритания және Канада жастары мінген ұшақтар Алматы әуежайына қонды. Жастардың жаһандық жарысында бақ сынайтын екі мыңнан аса спортшының барлығы атлеттер ауылына қоныстанды.

ЛЕЙ ЛО, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /ҚЫТАЙ/:

Біз бұл сайысқа тыңғылықты дайындалып келдік. Шайбалы хоккейден бас жүлдені жеңіп алмасақ та, өзге командаларға тегеурінді қарсылық көрсетіп, жүлделі орынды иеленеміз деген ниеттеміз. Барлығын жарыс көрсетеді.

Споршылармен бірге Алматыға шетелдік жанкүйерлер де көп келді. Марина Висчидо мен Андрей Бакуля Италиядан жеткен. Қысқы спорт түрлерінің фанаттары Алматыға алғаш аяқ басып отыр.

АНДРЕЙ БАКУЛЯ, УНИВЕРСИАДА-2017 ҚОНАҒЫ /ИТАЛИЯ/:

Алматыда ақпанның ортасына дейін боламыз. Яғни, қаланы аралауға уақыт жетерлік. Қазақ тағамдарының дәмін татқым келеді. Қымыз, жылқы еті, қой еті, палау дегендей.

МАРИНА ВИСЧИДО, УНИВЕРСИАДА-2017 ҚОНАҒЫ /ИТАЛИЯ/:

Өзім Венецияда тұрамын. Алматы қонақжайлылығымен таң қалдырды. Италиялық спортшыларға және Универсиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер