Картинки по запросу универсиада 2017

«Хабар» телеарнасы 29 қаңтардан бастап 8 ақпанға дейін Алматы қаласында өтетін  қысқы Универсиада ойындарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Біздің көрермендер арна эфирінен спорттың 5 түрі бойынша жарыстарды тамашалай алады. Олар: биатлон, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы,шаңғы жарысы және шайбалы хоккей.

«Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова: «Біздің  ең тәжірибелі техникалық топ, журналистер мен комментаторлардан құралған мамандарымыз осы ойындарға ерекше дайындықпен келді. Спорттық шаралар жанкүйерлер, спортшылар, жалпы сан түрлі адамдарды біріктіре отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Біз де көрермендеріміздің сол көңіл-күйге бөленгенін қалаймыз, олар екі аптаға жуық қызықты сайыстарды көріп, жаңа спорт жұлдыздарын және жаңа рекордтарға куә болады».  

 «Хабар» эфирінен 60 жуық трансляция көрсетіледі, олардың көбісі - тікелей эфирде беріледі.

Ойындардың ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19.00-де «Алматы Аренадан» тікелей эфирде көрсетіледі. Ресми ашылуға дейін бір күн бұрын, яғни 28 қаңтар күні, күндізгі сағат 12.30-да Словакия мен Ұлыбритания, сондай-ақ сағат 19.30-да Қазақстан мен Қытай командаларының ойындары көрсетіледі.

«Хабар» арнасының комментаторлары – спорт жаңалықтарын, соның ішінде Олимпиада ойындарын хабарлауда үлкен тәжірибесі бар Ержан Жиренбаев, Ермұхамед Мәулен, Жандос Айтпайұлы, Айбек Қабылшаев, Сергей Райлян, Евгений Акманов, Андрей Неклюдов.

Көрермендер назарына тек жарыстар ғана емес, сонымен қатар күннің ең басты оқиғалары туралы Универсиада күнделіктері де ұсынылмақ.

Сондай-ақ, 25-29 қаңтар аралығында «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарының жаңалықтарынан бүкіл ел бойынша өтетін Универсиада алауы эстафетасы көрсетіледі.

Ойындар туралы толық  ақпарат, бейнематериалдар, күнделіктер және жаңалықтар арнаның www.khabar.kz сайтында арнайы ашылған «Универсиада 2017» бөлімінде  қолжетімді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер