Қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты жыл санап артып келеді. Мысалы, негізінен бұрын мақта мен тоқыма өнімдерін сыртқа жеткізіп келген Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары ет экспортын екі есеге дейін ұлғайтпақ. Қазір осы бағытта Иран, Ирак пен Сауд Арабиясы және Қытаймен келіссөздер жүріп жатыр.

СЕРІК ТҰРБЕКОВ, ОҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ирак, Сауд Арабиясы, Қытай, Өзбекстан, әрине қасымыздағы осыған ет жібереміз деп отырмыз ол ірі қара малдың еті қойдың еті. Ал,жаңағы индюктің еті Ресейге кетіп жатыр.Әрине Қырғызстанға жібереміз деп отырмыз. Біз ресми өзіміздің есебіміз бойынша 2 есе көбейуі керек.

Өткен жылы оңтүстік халқы құны 195 миллион АҚШ доллары болатын 1 миллион 300 мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі мен азық-түлік экспорттаған. Соның ішінде 6700 бас ұсақ мал, 400 бас мүйізді ірі қара мен 200-ге тарта жылқы бар. Мәселен, Қазығұрт ауданындағы бір ғана қожалық Біріккен Араб Әмірлігіне 2 мың бас қой жіберді. Ал, өңір диқандарының алды дәмі тіл үйіретін қауынды Германияға дейін жөнелткен. Жеміс-жидек пен көкөніс көрші Ресей, Өзбекстан және Қырғыз нарығына шығарылып жатыр.  

Қазақстандық экспорттың негізгі баптарының бірі бидай екені белгілі. Шетелге отандық сары алтынды жеткізуге елеулі үлес қосып отырған кәсіпорындардың бірі - Павлодар облысындағы Шарбақты элеваторы.

ШИРИНХОДЖА АСЛОНОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Экспорт көлемі жыл сайын 10 пайызға дейін өсіп отыр. Біздің өнімге сұраныс жоғары. Әрине, бәрі де нарыққа тәуелді. Өйткені, ондағы ұн мен бидайдың басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. 

Тасымалдау барысында дәнге көп мөлшерде тозаң қонатындықтан, тазарту шаралары үздіксіз жүргізіледі. Өйткені, шаң атмосфераға тарамауы тиіс. Жаңғырту шараларының арқасында элеватор өнім сапасын төмендетуге жол бермейді. Бұл шетелдегі тұтынушының қазақстандық экологиялық таза өнімге деген сұранысын қанағаттандыруда аса маңызды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер