Британиялық сарапшылар еліміздің туристік әлеуетін жоғары бағалап отыр. Бес жұлдызды қонақ үйлер мен жағажайлардан шаршаған туристер үшін ерекше мәдениеті мен дәстүрі бар елдер анағұрлым қызығырақ дейді. Мысалы, италиялық саяхатшы Франческо Кюкенің музыкалық аспаптарға деген қызығушылығы ерекше. Ол гитарада жақсы ойнайды. Ал бүгін оның қазақтың киелі қобызына деген махаббаты оянғандай. Кюке қобызға қарап, срипка сияқты ішекті аспапқа тән көп ұқсастықтар тапты. 

ФРАНЧЕСКО КЮКЕ, САЯХАТШЫ /ИТАЛИЯ/:

Бұл мен үшін өте қызық. Өйткені қазақ қобызында біздің музыкалық мәдениетіміздің тамыры жатыр. Шынымен де, қазіргі заманғы скрипка осы аспаптан бастау алған. Меніңше, қазақ ұлтының музыкасын шетелдік көрерменге кеңінен таныту керек.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу арқылы Қазақстанды бүкіл әлемге танытуға зор мүмкіндік туады, дейді туризм жөніндегі кеңесші, Қазақстан университеттерінде туризм жайлы бірнеше мәрте дәріс оқыған Джордж Смит.

ДЖОРДЖ СМИТ, «KSE SOLUTIONS» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ КЕҢЕСШІСІ:

Сіздің ел сан қырлығымен ерекше. Сіздер туризмнің бірнеше түрін ұсына аласыздар. Өйткені, бұқаралық туризмді дамытудың зор мүмкіндіктері бар. Мәдени мұраларыңыз, дәстүрлеріңіз және қонақжайлықтарыңыз өте керемет. Бұл жайлы мүмкіндігінше көп адам білуі тиіс.

Британиялық сарапшылар Қазақстанға туристерді көптеп тарту үшін тәжірибесі мен мүмкіндіктері зор, ең бастысы ықыласы бар Еуропа және Батыс туроператорларымен тығыз байланыс орнату қажеттігін айтады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер