Қытайдың Батыс-Солтүстік ғылыми-техникалық университетінің ғалымдары қазақстандық жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыс орнатуға мүдделі. Бұл туралы Оралдағы агротехникалық университеттің оқытушыларымен кездескен Халықаралық әріптестік және алмасу кеңсесінің директоры Ю Чжен мәлімдеді. Көрші елдің ғалымдарын әсіресе төрт түліктің саны мен сапасын арттыру, егін шаруашылығы және балық өсіру саласындағы жетістіктер қызықтырады.

Ю ЧЖЕН, ПРОФЕССОР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ АЛМАСУ КЕҢСЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтыр осы оқу орнының басшылары біздің университетте жұмыс сапарымен келді. Сол кезде тараптар  ғылыми гранттар аясында студент жастар мен магистрларды және PhD докторанттарын бірлесіп дайындау жөнінде уағдаласты. Біздің мақсат «Жібек жолы экономикалық белдеуіндегі» елдердің арасында ғылыми әріптестікті тереңдету. Қос елдің жаңа технология саласында жеткен жетістіктері бойынша тәжірибе алмасу.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер