Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Универсиада нысандарының жаһандық жарысқа дайындығын пысықтады. Ең әуелі қауіпсіздік мәселесі ерекше назарға алынған. Барлық спорттық нысанда 2 мың бейнебақылау камералары орнатылды. Жалпы, жарыс өтетін күндері 7700 тәртіп сақшысы ел тыныштығын бақылайды. Миграциялық рәсімдеу жұмыстары да оңтайландырылған.

ЕРЛАН ТҰРҒЫНБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаладағы 400 қонақ үй мен атлеттер ауылында көші-қон полициясының өкілдері жұмыс істейді. Сол арқылы қонақтар мен спортшылар ғаламторды қолдана отырып электронды порталмен виза рәсімдей алады.

Жалпы, Универсиада нысандары 100 пайыз дайын. Шетелдік мамандар мұз айдындарын, тау-шаңғы кешендері мен спорттық ареналардың барлығын тексеріп, сынақтан өткізді.

НАИЛЬ НУРОВ, УНИВЕРСИАДА ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Нысан 100 пайыз дайын. Хоккейден болатын ойындаржы жоғары деңгейде өткізуге техникалық жағынан да, ұйымдастыру жағынан да әзірміз.

Ал спортшылар Атлетикалық ауылға орналаса бастады. Оларды Атлетикалық ауылдың мэрі Серік Сәпиевтің өзі күтіп алды. Қазақы дәстүрге сай шашу шашылып, аға буын спортшылар жастарға ақжолтай тілектерін білдірді. Кешенде спортшыларға барлық жағдай жасалған. Мұнда мейрамханадан бастап, ақпараттық орталық және банк бөлімшелеріне дейін бар.

МЕРУЕРТ ЫРЫСБЕК, ҚЫЗДАР ХОККЕЙІНЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бәрі өте күшті. Бәрімізге өте ұнады. Алғашқы ойынды біз Ұлыбритания командасымен өткіземіз. Біздің команданың қыздары дайын деп ойлаймын.

Елорданың орталық көшелерімен өткен алау эстафетасы Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл және Қостанайда жалғасады. Кейін батыс, күнгей өңірлерді аралап, қаңтардың 29-ы, яғни аламан басталатын күні Алматыға жеткізіледі. Бас-аяғы 22,5 мың шақырым еңсеріледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер